23 Қыркүйек 2020 - Сәрсенбі


Түркияның және іскерлік әлемінің барлық саласының дамуына елеулі үлес қосқан, ақпараттық технологияларды дамытқан және шешім ұсынған компаниялардың қатысуымен және 21 рет өткіздірілген «2019 Түркияның ақпарат секторының алғашқы 500 ақпараттық компаниялары зерттеуінің» қорытындылары жарияланды. Іс-шара стендтерімен, стендистерімен, ақпараттық алаңымен және панельдерімен жоғары деңгейде өтті.

Сектордың әр алаңынан маңызды есімдерді және ұйымдарды жинаған «Алғашқы 500 ақпараттық компания Түркия 2019» марапаттау іс-шарасының ашылу салтанатында Президент кеңсесі сандық трансформация басқарма басшысы PhD Али Таха Коч, Түркия Республикасы Көлік және инфрақұрылым вице-министрі PhD Өмер Фатих Саян, Түркия Республикасы Президент кеңсесі Экономика саясаты басқарма мүшесі PhD Хакан Юрдакул, Куика және Систем Оптима Төрағасы Сүрея Джилив және КочСистем Бас директоры Мехмет Али Акарджа сөз сөйледі.

Түркияның 81 облысында атқарып жатқан қызметтерімен көзге түскен, әлемнің 5 мемлекетінде үлкен жобаларға қол қойған, денсаулық, қорғаныс, білім және телекоммуникация салаларында атқарған жұмыстары мен инвестициялары жағынан  алдыңғы қатардағы және жоғары технология өнімдері және қосымшалары аясында дамытқан өкпе мен сүт безі қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау кезінде медициналық-профилактикалық қызмет көрсететін X-Eye: Toraks өкпе X-Ray кескіндерінде компьтерлік диагностика және X-Eye: Mammo сүт безі қатерлі ісігін шешуге қолдау көрсету жүйесі және i-Vital қарқынды терапия жүйесі сияқты АКГЮН цифрлы ауруханалық шешімдері және жасанды интеллект өнімдерімен Түркияда және шетелде айырмашылықты тудыратын жобаларға қол қойып, атын шығарған AKGÜN Group, «Үздік 500 ІТ-компаниялар» марапаттарында бірінші орынды жеңіп алды.

Зерттеулерде «Денсаулық сақтау секторы бағдарламалық қамтамасыздандыру санатында» бірінші жүлдені алған АКГЮН 2019 жылы ең үздік 500 ІТ компаниясының сату кірісіне сәйкес анықталған тізімде 131 орынға ие болды; Жасанды интеллект категориясы бойынша алғашқы  үштік, салалық бағдарламалық жасақтама қорғаныс категориясы бойынша алғашқы 9, Түркия орталықтандырылған өндірушісі – бағдарламалық жасақтама – салалық бағдарламалық жасақтама категориясы бойынша алғашқы 13, IT 500 Plus ғылыми-зерттеу және инвестициялау компаниялары категориясы бойынша алғашқы 15 компанияның санаттарына және Түркия орталықтандырылған  бағдарламалық жасақтама категориясында алғашқы 18 компанияның арасына кірді.

Сондай-ақ  АКГЮН Түркия орталықтандырылған өндіруші, Түркия орталықтандырылған –құрылғы, Түркия орталықтандырылған өндіруші және 2019 жылы алғашқы Үздік 500 ІТ-компаниялар (сату пайдаларына қарай) тізімінде орын алды. Жалпы 10 марапат алған АКГЮН жетістігіне тағы да бір рет серпін берді.

АКГЮН Груп Басқарма төрағасы Темель Акгюн іс-шарада сөз сөйлегенде цифрландырудың маңызды екендігін баса айтып, «Бүкіл әлемде денсаулықтың маңызды және Covid пен бірге барлық инфраструктураларға және цифрландыруға шолу жасалған кезеңін Түркия да басынан өткерді. Денсаулық саласында ақпараттандыру бойынша марапатталғанымызға өте қуаныштымыз. Түркияның үлкен бір бренді ретінде инновациялық технология шешімдеріміз және өнімдерімізбен Түркия экономикасына және денсаулық сақтау секторына тура 34 жыл бойы үздіксіз ең жоғарғы деңгейде үлес қосып келе жатырмыз»,- деді.

Бұл жұмыста алынған нәтижелер, сектор үшін сілтеме болып табылады.  Бұл жетістік, бір мақсат айналасында топталған, өз жұмысын ілтипатпен атқаратын және трансформацияға баса мән беретін барлық АКГЮН қызметкерлерінің болып табылады.  Түркияның технологиясын өндіретін IT фирмасы ретінде Түркиядан шығатын «жаһандық» IT технология брендіні болу үшін бар күшімізбен жұмыс істеуді жалғастырамыз»,-деп қосты. АКГЮН Басқарма төрағасы Акгюн мырза сөз соңында компания қызметкерлеріне, BT Хабар ұжымына және барлық әріптестеріне алғысын білдіре отырып жүлде алған барлық фирмаларды құттықтады.

Алған жүлдемізбен жетістігіміз айқындалғанда келешекке нық, сенімді және серпінді қадамдармен алға басып жатқандығымыз тағы бір мәрте дәлелденді.

Онлайн форматта өткен жиын, дайындығы жағынан жоғары дәрежеде өтті. Өркетиеттердің бастауы саналатын Гөбеклитепеден шабыттанып «Қайтадан Анадолыдан туады» тақырыбында кәсіпкер-инвесторлардың қатысуымен өткен іс-шара қарым-қатынастардың дамуы тұрғысындан да маңызды платформа болды.

Біздің 34 жылдық сапарымызда серік еткен және біздің жетістігімізді марапаттар алуға көмектескен барлық мүдделі тараптарға шын жүректен алғыс айтамыз.

ІТ 500 ДЕГЕНІМІЗ НЕ?  

«ІТ секторында күн тәртібі және қосымша құн қамтамасыз ету» миссиясымен айналысатын ІТ компаниялар тобы ұзақ жылдардан бері қосымша құн қызметтеріне қатысты алаңдарда үздік жобалар дайындау, дамыту және қолдану мәселелерінде көшбасшылығын жалғастыруда.

25 жыл бойы «Түркияның ІТ дауысы» болған ВТ хабар газеты, түрік ІТ секторына қызмет көрсетуді, бизнестің технологияны одан әрі белсенді, саналы және тиімді қолдануы үшін ақпараттық құралдарды әзірлеп ұсынуды принципке айналдырған.

Осы орайда, түрік ІТ секторының айналымы бойынша ең үлкен 500 фирмасын жалпы және қызмет атқаратын төменгі категорияларынан бастап тізетін, нарықтың болжамдары мен сипаттамаларын анықтайтын егжей-тегжейлі зерттеуді жыл сайын көпшілікке мақтанышпен ұсынуда.



Басқа жаңалықтар