Өткен шақтан осы күнге дейінгі уақытты алып қарағанда, адам баласының өмірінің көптеген кезеңдерінде «шешім қабылдау\» жағдайында қалатыны байқалады. Қабылданатын әрбір шешім қалаған нәтиже тудыра алатынымен қатар, шешім қабылдаған кісіні қаламаған жағдайлармен де бетпе бет қалуына да апарып соғуы мүмкін. Осы себепке байланысты, шешім қабылдау үдерісі дұрыс жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінгі қабылданған табысты шешімдерді зерттеген кезде, негізінде ақпараттың дұрыс түрде қолданылғанын байқаймыз. Қазіргі уақыттағы басқарушылардың, етене кездесіп жүрген бәсекелестік ортада, шешімді дұрыс қабылдау кезеңінде ақпараттың дұрыс қолданылуының ұйымдарға немесе мекемелерге қандай табыстар әкелетіндігінің байыбына барған.Осы себепке байланысты, шағымыздағы басқарушылар ақпарат технологиясына инвестиция жасай отырып, ұйымдар немесе мекемелердің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуін тездете алады. Өткен кезеңдегі басқарушылардың шешім қабылдау үдерістерінде тап болған ең үлкен мәселелерінің біреуі, ақпарат жинау болса, қазіргі уақыттағы басқарушылардың шешім қабылдау үдерісінде тап болған ең үлкен мәселе, жиналған деректердің мағыналы нәтиже шығару болып өзгерген.Бұл кезеңде жиналған деректердің мөлшері де маңызды. Дерек көлемі көбейген сайын, шешім қабылдаушылардың бұл деректерді түсінуі және тұжырымдауы да қиындап жатыр. Бұл мәселені шешу үшін, шешім қабылдаушылар қолдарындағы деректер жиынтығынан қажетті ақпаратты іріктеп, деректердің ішіндегі құпия өрнектерді, көріністерді көрсететін жүйеге мұқтаж болып отыр. Соңғы жылдарда шешім қабылдаушылардың шешім қабылдау кезеңінде, шешімге қолдау көрсетуші жүйелердің қолданылуы барынша кең таралды. Дамытылған және шешім қабылдаушыларға қолдануға ұсынылған шешімге қолдау көрсету жүйелері, ұйымдар мен мекемелердің ішіндегі немесе сыртындағы деректерге соңғы пайдаланушылардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осының арқасында, мұқтаждық сезілген ақпараттарға тез және уақтылы қол жеткізуге, мекемелерде шешімдердің уақтылы қабылдануына жәрдем ете отырып, өнімділікті және қабылданған шешімдердің сапасын ұлғайтып отыр. Шешім қабылдауға қолдау көрсету жүйесі болып табылатын іскерлік зердесі, мекеменің,  ұйымның; Қолданыстағы жағдайды талдау, Өнімділікті өлшеу, ұлғайту, Болашаққа бағытталған стратегиялық шешімдерді қабылдай алу, Қорларды одан да дұрыс қолдану, Қаржылық табысқа қол жеткізу тәрізді мақсаттармен шикі деректер талданып, ақпартқа айналдыруы болып табылады.Құлыптаулы ақпараттың кілті болып табылады. Дерек ақпараттың шикі, өңделмеген түрі, ақпарат болса деректің өңделген қалпы болып табылады. Іскерлік зердесі деректердің тек қана бір деректер базасында сақталуын, кең көлемде деректердің тұжырымдалуын, әр түрлі форматтарда (Excel, XML, Oracle, my-sql және т.б) сақталған деректердің тұжырымдалуын, дерекке жылдам қол жеткізуді, соңғы пайдаланушыға тек қана жұмысына пайдалы деректерге қол жеткізуін, қауіпсіз түрде дерекпен алмасуды, мәтін ішіндегі үлкен есептемелердің мазмұндалуын, барлық орталар арасында жылдам ақпарат алмасуын, WEB ортасында ортақ қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Клиенттеріміз іскерлік зердесі есептемелері арқылы бұл мәселелерді шешіп, тез арада мұқтаж болған ақпаратқа қол жеткізе алады. Бұл ақпарат, бір жағынан ол сәтті тұжырымдау, екінші жағынан болса, ол сәтпен өткен шақты салыстыру мүмкіндігін береді. Бұл салыстыру – уақыт тұрғысынан өткен шақ және қазіргі уақыттағы салыстыру болуымен қатар, клиенттеріміздің өз құрылымындағы бірлік, персонал, материал, науқас, анализ тәрізді салаларда да атқарыла алады.