Бұл жүйе – қызметкерлер мен құрал-жабдықтардың кіруі, шығуы және орналасқан орындарының маңызы зор болған жерлерде қолданылатын қадағалау жүйе болып табылады. Мысалы: медициналық мекемелер, кеңсе ғимараттары, зауыттар, қонақүйлержәне т.б.  
Технологияның дамуы нәтижесінде кісілер мен құрал-жабдықтарды танитын бір жүйе ретінде RFID, яғнирадио-жиіліктік сәйкестендіру кеңінен пайдалына бастады. Белгілі жерлерде орналастырылған ресиверлер көмегімен керекті нысанның ғимараттың қай жерінде орналасқанын нақты білуге болады. Бұл жүйе жылжитын нысандардың қай жерде болғанын әп-сәтте белгілеп береді де, шұғыл түрде сол нысанға қол жеткізуге мүмкіншілік береді. Қызметкерлердің де дәл солай қай жерде болғанын және қай жерде көп болатынын оңай түрде шығаруға болады. Ал медициналық мекемелерде пациенттің қай жерде жүргенін анықтау, құлап қалған пациенттерге шұғыл түрде көмек беру үшін қолданылады.  
Кіріп-шығуды қадағалау жүйесінің көмегімен қызметкердің қай жерге, қай уақытта кіргенін анықтап, есептеме беруге оңай болады. Кіріп-шығуды қадағалау жүйесі –ғимаратқа бөгде адамдардың кіруіне жол бермейтін, бейне-бақылау жасайтын, ұры мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерін толықтыратын технологиялық шешім болып табылады. «Орналасқан жерді анықтау жүйесі» кісілердің кіру мен шығу әрекеттерін электрондық форматқа жазу арқылы бақылайды. Керек кезде, қай қызметкердің немесе құрал-жабдықтың, қай кезде, қай жерден кіріп-шыққанын есептеме түрінде өкілетті қолданушыға көрсетіп береді.  
«Орналасқан жерді анықтау жүйесін»таңдаудың себептері:
  •  Құрал-жабдықтарға жедел қол жеткізу
  •  Қызметкерлердің кіріп-шығуларын қадағалау және жазып алу
  •  Қызметкердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  •  Технологияның қолайлықтарын пайдалану
  •  Оңай қолданылады
  •  Толық сенімділікті қамтамасыз етеді
  •  Орталықтандырылған басқару мен бақылау
  •  Сырттай және іштей үрлауды азайтады
Жүйені қай салаларда қолданады:  
Кез келген мемлекеттік немесе жеке-меншік мекемелер, фирмалар, зауыттар, бизнес-орталықтар, кеңселер, қоймалар, арнайы бөлімдер, лифттер, подъездер, сауда орталықтары, қонақ үйлер және т.б.  
Жүйенің артық шылықтары  
Жүйенің әкелетін ең маңызды артықшылықтарының біреуі – кіріп-шығуды (логин арқылы) жазып алып, бұл жөнінде есептеме беруі. Осылайша, бір оқиға болған кезде кімнің қай жерде болғаны қолайлықпен және шұғыл түрде анықталадыда, бұл жағдай кейінен дәлел ретінде қолданылады.  
Жүйенің жұмыс істеу қағидаты:  
Бұл жүйенің жұмыс істеу қағидаты аса қарапайым негізге тіреледі. «Орналасқан жерді анықтау жүйесі» қызметкерлердің немесе құрал-жабдықтардың жеке бастарын дербес RFID-радио жиіліктік сәйкестендіру карточкалары көмегімен анықтайды. Ғимараттың белгілі жерлеріне RFID-ресиверлер орналастырылады. Белгілі бір нысан RFID-ресивері арқылы кіріп-шыққан кезде оның орны анықталады.  
1. RFID  (радиожиіліктік сәйкестендіру)
RFID технологиясы радио жиіліктің көмегімен адамдар мен нысандарды тани алады. Белсенді немесе пассив RFID-белгілер адамдар мен нысандардың сәйкестендірілуі үшін қолданылады. 125-134 KHz төмен жиілік, 13.56MHz жоғары жиілік, 865-868 MHz ультра-жоғары жиілікжәне 2.45 GHz болып әр түрлі жиіліктерде жасайтын жүйелер қолданылады.  
RFID жұмыс жасау қағидаты  
2. RFID антеннасы  
RFID антенналары, шығаратын радио толқындарымен этикетка чипінің ішіндегі мәліметті этикеткадағы антеннада пайда болған шағылысу сигналы нәтижесінде есептегішке жолдайды. Антенналар, қуат, оқу түрі (тікелей, айналма) және оқу алаңдарында (ұзақ алаңда оқу, жақын алаңда оқу) байланысты әртүрлі моделдерде болады.  
3. RFID есептегіш жабдық (оқушы)  
RFID есептегіш жабдығы (оқушы), антеннадан келген сигналдарды қолдану қабатына белгілі протоколдар арқылы үйлесімді түрде аударады. RFIDесептігіш жабдықтары (оқушылар) тұрақты болуымен қатар, мобильді (қолда ұстайтын) терминалды есептегіш жабдықтар (оқушылар) да бар. Мобильді терминалдарда RFID антенна ықпалдасып орналасқан. RFID есептегіш жабдықтарға (оқушыларға) 1-4 антенна қосыла алады. RFID есептегіш жабдықтарымен (оқушылармен) қосылған антенналардың қуаты бөлек-бөлек реттеле алады.  
4. Байланыстырушы бағдарламалық жабдықтама (Middleware) қолдану  
RFID есептегіш жабдығымен (оқушымен) қолдану арасында жұмыс істейтін және жүйе архитектурасының маңызды элементі болып табылатын байланыстырушы бағдарламалық жабдықтама (Middleware) толығымен есептегіш жабдықты (оқушыны) басқаруды, этикетте оқылған мәліметтердің басқарылуын және антеннаны басқару операцияларын жүзеге асырады. Есептегіш жабдық пен тиісті оқу әдісі, тораптың құрылымдауы, антенналарды күйге келтіру, оқудың қандай антеннадан және қандай есептегіш жабдық тарапынан жасалына алатындығын белгілеу тәрізді көптеген операцияны байланыстырушы бағдарламалық жабдықтаманы қолданып жүзеге асыра аласыз. Бұл жердегі ең маңызды тақырып, байланыстырушы бағдарламалық жабдықты қолдануға шыдайтын RFID протоколы болып табылады. Әр бір есептегіш жабдықтың өзіне тиесілі протоколы және осы протоколға үйлесімді жұмыс істейтін байланыстырушы бағдарламалық жабдықтама архитектурасы бар. Алайда, әлемде RFID технологиясының жылдам дамуы нәтижесінде, EPС тарапынан стандарт белгіленген, және RFID есептегіш жабдықтар үшін LLRP (Low Level Reader Protokol) Ридерге арналған төмен деңгейлі протокол негізгі протокол болып қабылданған. RFID қолданған кезде егер ол LLRP-ге үйлесімді түрде дамытылған болса, LLRP-ге үйлесімді әрбір есептегіш жабдық жүйеңізге қосыла алады және қолданыста кезкелген бір өзгеріс жасауқа қажет болмайды. Алайда, қолданыста кез келген есептегіш жабдық өзіне тиесілі протоколға сәйкес дамытылған болса, бұл жүйеге келешекте қосатын есептегіш жабдықтарыңыз да бірдей маркада болуы қажет болады. LLRP- RFID қолданған кезде міндетті болып талап етілуі қажет және құрылатын жүйелер келешекте өркендету де ойланып жобалануы тиіс.