Ғылым мен техниканың қарқынды дамып келке жатқан дәуіріміздеақпараттық технологиялар да қалыспай, біздерге алуан түрлі мүмкіншіліктер ұсынуда. Күнделікті өмірімізге кеше ғана кірсе де, әр қайсымыз тарапынан міндетті түрде қолданылатын ұялы телефондардың беретін қолайлықтары қолданушыларды өздеріне әбден үйретіп тастаған. Ұялы телефондардың ең бірінші модельдерінен бастап ұсынылатын SMS (қысқа хабарлама жуйесі) деп аталатын қызмет абоненттердің әрбіреуінің міндетті түрде қолданатын қызметі болып табылады. Соңғы кезде шығарылатын смартфондар (ақылды телефон) электрондық пошта сияқты ақпараттық қызметтерді алақанымызға сыйдырса да SMS-тің өрісінен әлі қалып қоюда. Статистикалық зерттеулерге қарағанда, келген электрондық хаттамалардың оқылу деңгейі 22%-ды құрайтын болса, SMS қысқа хабарламаларының оқылу деңгейі98%-ға дейін жетіп отыр. Оған қоса, қолданушылардың әр біреуінің смартфонды қолданбайтынын ескеретін болсақ, SMS қысқа хабарламаларының басқа ақпарат қызметтерінүлкен айырмашылықпен озып кеткенін жай көзбен көруге болады.
Мінеки, айтылған осы себептерге байланысты, AKGÜN YAZILIM (Акгюн Язылым)аурухана қызметкерлеріне һәм пациенттердің өздеріне хабар тарата білу үшін Топтық SMS жіберудеп аталатын жүйені жетілдіріп отыр. Осы Топтық SMS жіберу жүйе арқылы келесіам алдарды орындауға болады;
Аурухана жетекшілеріне,қызметкерлерге және өзіңіздің белгілейтін кісілерге SMS тарату арқылы кез келген ақпарат жіберу,
Алдын-ала белгілеп қойған бір топ қызметкерлерге дүркіндік түрде SMS хабарлама жіберу мүмкіндігі – бұл мүмкіндікті қолданғанда қайта-қайта кісілерді таңдамай-ақ қойып, бір пернемен хабарлама таратуыңызға болады.
Хабарламаларды тек қана топтық түрде емес, оған қоса Қолмен SMS жіберу экраны арқылы сіздің таңдап алған кісіге бір хабарлама жіберуге болады.
Қызметкердің туған күні, үйлену тойы немесе медицина күні мен медбикелер күні сияқты мерекелер болғанда қызметкерді автоматты түрде SMS жіберу арқылы құттықтауыңызға, және бұл құттықтауларды үлгілі түрде сақтап қоюңызға болады.
Жиналыс болатын кезде, қатысушыларға SMS арқылы жиналыс уақытын білдіруге болады.
Дәрігермен кездесетін пациенттер ұялы телефон (GSM) нөмірлерін берген жағдайда, оларға кездесу уақытын жіберуге болады.
Дәрігерге қаралу, нәрестені вакцинациялау, жүкті әйелдердің қаралуы, операциядан кейін дәрігерге қаралу сияқты күндерді еске түсіру хабарламаларды жіберу функциясы арқылы автоматты түрде хабарлама жіберуіңізге болады.
Жаңа жүйеде белгіленген әртүрлі статистикалық ақпаратты (медициналық мекемеде бір күнде жасалатын қабылдаулардың саны,бір күнде түсетін
жедел пациенттердің саны,қабылданған бүкіл пациенттердің саны, басқа мекемеге жолдама жасалғандардың саны, қайтыс болған пациенттердің
саны, операциялардың саны, мекемеде жатқан пациенттердің саны, жаңадан туған нәресте саны, мекемеде бір күнде жатып шыққан пациенттердің саны және т.б.)керекті уақытында жіберуіңізге және алуыңызға болады.
Программалау арқылы қай хабарламанық сағат нешеде жіберілетінін белгілеуіңізге болады.
Log (Сақтау журналы) арқылы жіберілген хабарламалардың күйін (хабарламаның барып-бармағанын) бақылауға болады.
Оған қоса Топтық SMS жіберу жүйесін қолданып мыналарды орындауға болады:
Программаға кіргенде қауіпсіздік деңгейін нығайту үшін қолданушының ұялы телефонына код жіберу арқылы тексеру жасауға мүмкіншілік бар. Мұндай кезде кодты енгізе алмаған кісінің программаға кіруіне тыйым салуға болады.
Мұның қасында HBYS жүйесіне байланысты бүкіл ақпаратты (соңғы рет көшірменің қашан алынғаны, дискте қалған бос орын сияқты) сол SMS жолыменсіздің қалаған кісіге жіберуге болады.